Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

Астана тұрғынына TikTok желісінде жариялаған видеосы үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: postium.ru

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты интернетте жалған ақпарат таратып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған қала тұрғынына қатысты істі қарады.

Соттың мәліметінше, астаналық әйел өзінің TikTok желісіндегі парақшасында Астанада бір жолаушы жүргізуші әйелді бауыздап тастағаны туралы видео жариялаған. Бұған жауап ретінде полицейлер бұл дерек еш жерде тіркелмегенін және ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


"TikTok-та үш рет рекорд орнатқан": Түрмеден шыққан Мұрат Әбділда бір күнде миллионер атанды


"Сот отырысында ауйыпталушы А өзіне тағылған айыппен ішінара келісіп, келесі күні видеоны өшіргенін, бірақ басқа желі қолданушылары оны таратып үлгергенін айтты. Видеоны жариялаудағы мақсаты такси жүргізушілеріне кездейсоқ жолаушылардан аулақ болуға үндеу және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алу екенін атап өтті", – делінген сот хабарламасында. 

Сот шешімімен әйел құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Әйелге 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты қоғам белсендісі TikTok-ты бұғаттау қажет екенін мәлімдеген еді. 

Талқылау