Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Астанада аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды: Әкімдік оның мұзға тайып құлағанын жоққа шығарды

Астанада аялдама маңынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде А108 көшесіндегі аялдама маңында адамның мұзға тайып құлап, мерт болғыны туралы ақпарат тарады. Желі қолданушылары оның басынан қатты жарақат алып, оқиға орнында көз жұмғаны туралы жазды.
Қала әкімдігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, оны мұзға тайып құлап, мерт болғанын жоққа шығарды.
“А108 көшесінде автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан 66 жатсағы ер адам табылған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның биологиялық өлім тіркеді. көктайғақ салдарынан ер адамның тайып құлап, көз жұмғаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейді”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Полиция ер адамның жеке басын анықтады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды