Астанада автосалон иесі адамдардан ақшаны алып, көліктерін бермей қойған

Астанада 25 жастағы көлік сататын салонның иесі мен оның қызметкері ірі алаяқтық жасаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, бұрын бұл кәсіп заңды түрде жұмыс істеген. Қолданыстағы автокөліктерді комиссиялық негізде сатқан, яғни басқа адамның мүлкін сату арқылы табыс тапқан. Алайда кейіннен күдіктілер көлік сатудан түскен ақшаны жымқырып отырған.
“Алаяқтардың құрбанына айналғандар арасында сатып алушылар да бар. Клиенттер ақшаcын төлеген, бірақ көліктерін ала алмай қалған. Күдіктілер автокөліктерді пайдаланып, оларды жалға берген”, – деп хабарлады полиция.
Күдіктілер бірден қамауға алынды. Полиция тергеу жүргізіп, олардың бұған дейін осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Шығын көлемі әлі белгісіз.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады