Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 4 желтоқсанда кешке болған. Алдын ала деректер бойынша, микроавтобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған.
"Апат салдарынан микроавтобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, оларға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген Астана ПД хабарламасында.
Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 23 жастағы фельдшер қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді