Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен

Астана LRT вагондары граффитиФото: Әлеуметтік желіден

Астанада әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы станцияда тұрған LRT вагондарының суреттері жарияланды. Вагондардың сыртына граффити салынған.

City Transportation System (CTS) компаниясы аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, ақпаратты растады.

"Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген CTS компаниясының хабарламасында.


Елордалықтар қашаннан бастап LRT-мен жүре алады – әкім жауап берді

Астанада салынып жатқан LRT-да жолақысы қанша теңге болмақ


Компания өкілдерінің айтуынша, вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталған, бұл қабат бояудың негізгі қабатына сіңуіне жол бермейді.

Қазір вагондардың сыртындағы граффитиді өшіру жұмыстары басталған.

Еске салсақ, бұған дейін Астанаға LRT-ның алғашқы вагондары жеткізіліп, рельске қойылған еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 22:52
Талқылау