Астанада абақтыдан қашқан қылмыскердің әкесі ұлымды түрмедегілер ұрып-соққан деп отыр
Тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғымбаевтың әкесі ұлымды түрме қызметкерлері соққыға алған деп отыр. Айтуынша, оның әрекетіне осы жағдай себеп болған көрінеді.
Қайыргелді Арғымбаев баласының колониядағы жаза мерзімінің бітуіне аз ғана уақыт қалғанда, күзетшілермен төбелесіп, изоляторға түскенін айтады, деп хабарлайды Астана арнасы.
“Қаншама еңгезердей жігіттер. Қолдарында бір-бір дубинкалары бар. Тұра қашқан, бұл тұра қуған. Жете алмаған, жүзді көрсеткен оған. Неден секірген, одан кейін анау крышаға шықты. Крышадан неге шығып, үстінен бірақ қарғыған”, – дейді әкесі Қайыргелді Арғынбаев.
Ерасыл Арғымбаев 2012 жылы банкоматты тонағаны үшін 5 жылға сотталған. Күзетшілермен болған ерегістен соң, ол жазасына тағы 3 жыл мерзім қосылған, -дейді әкесі. Енді қашқаны үшін оған және 3 жыл қосылуы мүмкін. Қайырғалы Арғымбаевтың сөзінше, ол бауыры мен ұлының ауыр сырқатқа шалдыққандықтан, осындай қылмысқа барған. Түрмеден қашқан соң Ерасыл Қарағанды облысыныдағы ауылына аттанған, алайда үйіне жетіп үлгермей қолға түседі.
“Баласын сағынады ғой. Бір ұл, бір қызы бар. Киевка жаққа. Сол жаққа бара жатқанда Ахмет ауылында ұсталынады. Ұсталғанда, ешқандай қарсылық жасамады”, – дейді әкесі.
Ерасыл Арғымбаев өткен жексенбіде колониядан қашқан болатын. Келесі күні құқық қорғаушылардың қолына түсті. Ал қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері сотталушының әкесі баласына қатысты мәліметтерді жазбаша тапсыруына болады деп отыр. Ал сотталушының түрмеден қашуы бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Тергеу изоляторы қызметкерлері де жазалануы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Петропавлда екі баласымен бірге мерт болған әйел қайтыс боларын алдын ала сезген
Елбасының тапсырмасынан кейін мәжілісте ұлты басқа депутаттар жаппай қазақша сайрап кетті
Алматыда балалар үйінде өскен жеткіншек туған әке-шешесін іздеп жүр