Астанада 9 мамыр күні мерекелік отшашу болады
Фото: depositphotos.com
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, отшашу 9 мамыр күні өтеді.
"9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашулар екі жерден атылады: Ботаникалық бақ пен “Атырау” көпірінің маңындағы аумақтан. Әрбір локацияда шамамен 4 мыңға жуық отшашу атылады", – делінген хабарламада.
"Бұл – саяси сауал": Сенатор Жеңіс күніндегі шеруге 2,5 миллиард жұмсауды орынды деп бағалады
Сондай-ақ әкімдік отшашудың демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылатынын атап өтті.
Астанада 7 және 9 мамыр мереке күндері 100-ден астам түрлі іс-шара өткізу жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінгені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген