Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 9-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Алматыда бойжеткен  14-қабаттан секіріп кеткен

Астанада 9-қабаттан құлап кеткен 6 жасар баланың жағдайы жайлы дәрігерлер ақпарат берді. Оның жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бала басқа бөлімге ауыстырылды. 

"Оның жағдайы әлі ауыр, бірақ тұрақты. Бала жарақат бөліміне ауыстырылды", – делінген хабарламада. 

11 тамызда баланың 9-қабаттан құлап кеткенін хабарлаған еді. Ол екінші қабаттың шетіне құлап, бірақ аман қалған. Осыдан кейін дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.


Алматыда әйел терезе жуамын деп 5-қабаттан түсе алмай қалған (видео)


Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген баланың бірі қайтыс болды


Кейінірек полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 6 жасар бала үйде жалғыз болған. Кейін терезеге жақындап, құлап кеткен. Оқиға кезінде анасы басқа бөлмеде болған. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақмолада кішкентай бала үшінші қабаттың терезесінен шығып, жақтауына отырып алғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 12:34
Талқылау
`