Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 8-сынып оқушысының жүрек талмасынан емес, сыныптасының соққысынан көз жұмғаны айтылды

Астанадағы №59 мектептің 8-сынып оқушысы Темірұлан Диханбаевтың кенеттен жүрек талмасынан емес, сыныптасының бірнеше соққысынан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

15541391_1440150202685371_342645777231918227_n

Бұл туралы Жанна Ахметова есімді қолданушы Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

“Бізді алдады! Астанадағы сегізінші сынып оқушысы жүрек талмасынан қайтыс болған жоқ, оны сыныптасы өлтірді. №59 мектептің 8 сыныбында оқитын Темірұлан Диханбаев сап-сау денсаулығы мықты бала. Мұны ол туғаннан бастап білетін педиатр да растай алады. Оны сыныптасы бірнеше рет ұрғаннан кейін Темірұлан жерге құлап содан тұрмай қалған. Ал ол бала өзі каратист, үнемі қасында сондай бұзақы балаларды жинап жүреді. Сөйтіп оқушыларды қорқытады. Балалар бәрі отырған кезде, Темірұлан көз алдарында өліп кеткен.

Дәрігер, оның өзі ветеринар жүрегіне массаж жасап, нашатыр спиртін иіскетіп тірілтуге тырысады. Сосын жедел жәрдем шақырады. Келген дәрігерлерге төбелес туралы айтпай, “кенеттен жерге құлап есінен танып қалды” деген. Темірұлан әкесінің қолында қайтыс болды. Анасы болса әлі күнге өз-өзіне келе алатын емес.

Мен баланың ағасымен араласамын. Әлгі кінәлі бала да басқа сыныптастарымен бірге Темірұланды жерлеу рәсіміне келіпті. Көзінен бір жас тамбастан, оның денесін шығарамын дегенше күліп, қылжақтап тұрыпты. Оның ата-анасы келіп кешірім де сұрамаған.

Қазір сотқа дейінгі тексеру болып жатыр. Темірұланның туыстары бізден қолдау күтеді. Ол мектептен ештеңені жасырмай, тергеуге көмектесуді сұрайды. Бірақ біздің мектептердің басшылығының мұндай төтенше жағдай кезіндегі әдісі біреу ғана – бәрінің ауызын жауып, үндемей отыру. Темірұланның әлгі сыныптасының не істеп қойғанын түсінбей тұрғаны да қорқынышты. Егер осыны шынымен ол жасаған болса, онда кейін одан қандай өсіп шығарын білмеймін. Барынша репост жасаңыздар”, – деп жазады ол.

Бұған дейін Астана мектебінде болған қайғылы жағдайды полиция зерттеп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалғаны хабарланған еді. Астана ІІД хабарлауынша, 14 жастағы баланың денесі “ешқандай зорлық белгілерінсіз” 30 қараша күні 13.00-де оқу сыныбынан табылған. Алайда қалалық білім басқармасы өкілдері мен мектеп қызметкерлері баланың не себепті қайтыс болғанына қатысты нақты түсініктеме бермеген.

Кейінірек оқушы өлімінің алдын-ала себептері ретінде дәрігерлер жүрек ақауын атаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қысқа белдемшемен жүріп арақ ішкен. Мусинованың ісі бойынша айыпталғандардың туыстары ТВ-ға шықты

Мыстан әйел алматылық гейдің көзқарасын өзгерту үшін оны емдеп көрді

Путинді фашист деп атаған Ақтөбе тұрғыны сот алдында жауап беруде

Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда

Талқылау