Астанада 7 жасар шөбересін зорлаған атаға үкім шықты

Фото: stroi-news.ru
Астана соты жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен 82 жастағы ер адамға шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыс баланың туған күніне туыстары жиналған кезде үйде болған. Үлкен атаны оқиға орнында отбасы мүшелері ұстап алған. Бұл мән-жайлар куәгерлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптама нәтижелерімен, соның ішінде генетикалық тестімен расталды.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Жыныстық зорлық-зомбылық көрсету" бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Дина Смайлованың айтуынша, қыздың анасы 2025 жылдың 5-6 сәуіріне қараған түні оқиғадан кейін бірден баланы тексеруге апарып жатқанда, NeMolchiKZ қорына хабарласқан.
Құқық қорғаушы отбасы ішінде айыпталушының жасы үлкен деп, істі сотқа бермеуге көндірмек болғандар болғанын атап өтті.
"Бұл ата өте епті болып шықты, ол қылмыс жасағанын анық түсінді. Ол қылмыс үстінде ұсталған кезде қашып кетті және полиция оны ұстағанша бір күнге жуық уақыт бойы ізін жасырды", – деді Смайылова.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты