Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада 7 мамырда кей көшелерде қозғалыс шектеледі

парад

Фото: Астана әкімдігі

Астанада 2025 жылдың 7 мамыры күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді. Осыған байланысты кей көшелерде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:

1. ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);

2. Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);

3. Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы "Astana Music Hall" тұрақ аумағы (Құмыра).

Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Мына өзгерістерге назар аудару қажет:

– Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.

– Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет.

– Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

– Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Назархан Уән
Сенбі, 03 Мамыр, 2025 13:53
Талқылау