
Фото: Іnstagram/oo_qanat
2020 жылы жоғалып кеткен астаналық тұрғынның жақындары оның қай жерде екені туралы нақты ақпарат бергендерге үш миллион теңге сыйақы ұсынды. Жоғалған адамның сипаттамасы Instagram-дағы QANAT волонтерлік қозғалысының парақшасында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Армин Назар Ражұлы, 1996 жылы туған, 2020 жылы 6 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен сағат 16:00-де ол Ғабдуллин 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, беймәлім бағытқа кетіп, содан кейін оралмаған.
Белгілері: бойы 186 см, шашы қара, көздері қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, дене бітімі арық.

Фото: Іnstagram/oo_qanat
Үстінде: сары жемпір, сұр спорттық шалбар, сұр шұлық болған. Аяғында аяқ киімі болмаған. Жақындарының айтуынша, жоғалған адам бағытынан адасып қалған.