Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам өз отбасын өлтіріп тастағаны туралы ақпарат тарады

Ақмола облысында бір отбасының өлімі туралы ақапарат тарады: Күдікті ұсталдыФото: Ru.freepik.com

Әлеуметтік желіде Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасының жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тарады. Полиция күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде бір отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Күдікті сол ауылдың тұрғыны деген ақпарат бар. Тараған ақпаратқа сенсек, ер адам өз отбасының бірнеше мүшесін, атап айтқанда, анасы, әкесі, ағасы мен жиенін өлтіріп, бөлшектеп тастаған.

Полиция департаменті Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылында болған кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. 

“Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп хабарлады полиция.

Ведомство кісі қолынан тапқандар саны нақтыланып жатқанын мәлімдеді.

Жібек Жолы – Қазақстанның Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы ауыл. Жібек Жолы ауылдық округіне кіреді. Астана қаласынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.

Кейін департамент мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралған хабарламаларға қатысты пікір білдірді. Департамент мәліметінше, желіде түрлі ойдан шығарылған ақпарат пен жалған мәліметтер тарап кеткен.

“Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз”, – деп ескертті полиция.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 16:27