Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 3 жасар қыз тіс емдетіп жатып көз жұмған: Ал стоматология өз жұмысын әлі жалғастырып жатыр

Астанада 3 жасар қыз тіс емдетіп жатып көз жұмған: Ал стоматология өз жұмысын әлі жалғастырып жатыр

Фото: Ru.freepik.com

Елордада 3,5 сағаттық анестезиядан кейін үш жастағы қыздың тіс дәрігерінің алдында қайтыс болды. Қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерлердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талғат Құмаров 2024 жылдың 30 қазанында қызына Севоран препараты қолданылған анестезиямен жоспарлы стоматологиялық ем жасалғанын айтты. Оның сөзінше бұған дейінгі процедура да 3,5 сағаттан аса созылған, сол кезде де қызы анестезиядан оянбай қалған.

“Фармбақылау елеулі бұзушылықтарды анықтады. Тексерулер, жүректің УДЗ-сі мен талдаулар жасалғанына қарамастан, дәрігерлер 20 тістің 18-ін бірден емдейміз деді, яғни жұмысты бірнеше күнге бөлмеді. Бізге бұл қалыпты тәжірибе, баланы ұйықтатып, бәрін бірден емдейміз деп сендірді. Бірақ емдеуді екі-үш кезеңге бөліп жасауға болар еді әрі солай жасау қажет еді”, – деп атап өтті ол.

Баланың әкесі мен отбасының адвокаты егер дәрігерлер стандарттарды сақтап, барлық дерлік тісті бір уақытта емдемегенде, қайғылы жағдайдың алдын алуға болатынын айтады.

Талғат Құмаровтың айтуынша, әйелі процедура аяқталғаннан кейін қыздарының оянбай жатқанын айтып, дабыл қаққан.

“Седация шамамен 09:10-да басталған. Сағат 14:00-де әйелім телефон соғып, баланың әлі оянбағанын айтты. Жедел жәрдем келді, реанимация 40–45 минутқа созылды. Бірақ оны құтқара алмады. Жүрек тоқтап, ми ісініп кеткен”, – деді ол.

Фармбақылау деректерін негізге алған қыздың әкесі емхана алғашқы көмекті көрсету кезінде елеулі бұзушылықтарға жол бергенін дейді.

Dent-Park клиникасының директоры Надежда Хон анестезиологтың сол күні-ақ емхана жұмысын тоқтатқанын растады. Алайда процедураға қатысқан стоматолог қызметін жалғастырып жатыр.

“Біз анестезия бойынша қызмет көрсетуді тоқтаттық. Жауапкершілік мәселесіне қатысты сараптама қорытындысын күтіп отырмыз”, – деді Надежда Хон.

Ал анестезиологтің өзі  Жұмағалина журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан. Отбасының адвокаты мұндағы заң бұзушылықтардың жүйелі түрде қайталанып келгенін және жауапқа тек санаулы қызметкер тартылатынын атап өтті. 

“Іс материалдарында екі сараптама қорытындысы бар – сапаны бақылау департаментінің және кешенді сот сараптамасының. Екі құжат та екі маманның – анестезиолог пен стоматологтың кінәсін анықтаған. Алайда тергеу тек анестезиологты ғана жауапкершілікке тартты. Ал ем көлемін 18 тіске дейін арттырып, операцияны созған стоматолог жауапқа тартылған жоқ. Бұл – тергеу мен прокуратура тарапынан жіберілген елеулі олқылық”, – деді Жәбірленуші тараптың өкілі Руслан Айтжанов.

Сондай-ақ мыналар анықталды:

  • Анестезиолог тек 2019 жылы ғана қайта даярлаудан өткен және балалар анестезиологтарына қойылатын 7 жылдық талап етілетін еңбек өтілі болмаған;

  • Клиникада бірқатар заң бұзушылықтар анықталған: мерзімі өтіп кеткен және сертификатталмаған препараттарды сақтау (бұл жағдайға тікелей қатысы жоқ);

  • Дәрігерлер балаларға арналған седацияның рұқсат етілген ұзақтығы жөніндегі стандарттарды бұзған.

Адвокат пен марқұмның ата-анасыны жеке емзаналар ұзақ анестезия тәжірибесін қайта қарап, кішкентай балалардың көп тісін бірден емдеу тәжірибесінен бас тартуын қалайды. 

“Ешбір дәрігер мұндай қайғылы оқиғаның болғанын қаламайды. Бірақ факт: бала қайтыс болды. Біз кек алғымыз келмейді. Біз әділдік пен мұндай жағдайдың енді қайталанбағанын қалаймыз”, – деді Айтжанов.

Отбасы сот барлық процедураға қатысушылардың әрекетіне заңды баға береді деген сенімде.Анестезиологтың адвокаты ауруға байланысты сотқа келмегендіктен, процесс кейінге қалдырылды.

Айым Болатқызы
Жұма, 21 Қараша, 2025 17:11
Талқылау