Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 19 жастағы бойжеткенді күйеу жігіті аяусыз соққыға жыққан

Астаналық бойжеткен басынан өткен қиын жағдайды барша қазақстандықпен бөлісті. Оны 19 жасында күйеу жігіті аямай ұрып-соққан екен. Осының салдарынан Айнагүл қазір жалғыз жүруге қорқады.

огрн

Бұл туралы “Еуразия бірінші арна” хабарлайды.

Айнагүл Ибраева 19 жасында бір жігітпен танысады. Араларында махаббат оты тұтанып, бір айдан кейін үйлену туралы шешім қабылдайды. Алайда небәрі 10 күннен кейін бойжеткенді күйеуі аямай соққыға жығады.

“Ол жұдырығымен бетімнің сол жақ бөлігін ұрды. Мен төсекке құлап түстім. Осы кезде мұрнымның жоғарғы бөлігінен қатты ұрды. Мен айқайлап, адамдарды көмекке шақырдым. Атып тұрғаным сол еді қақ шекеден тағы ұрды. Құлап, жерде ес-түссіз жаттым. Мен бәрібір де оның аяусыз ұрып жатқанын сездім. Себебі, ауруханаға барғанымда арқам мен аяқтарым көгеріп қалыпты”, – дейді Айнагүл Ибраева.

Бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндай отырып көз жасын әрең тыйды. Себебі, оның бақытты отбасы туралы арман-мақсаттарының күл-талқаны шыққан еді. Ал оның күйеуінің қол жұмсауына қызғаныш себеп болған екен. Жас жігіт Айнагүлді өздерімен бірге тұрып жатқан достарынан қызғанған.

“Есімді жиған сәтте ол менің басымды шашымнан сүйреп апарып керегеге 4 рет ұрды. Осының салдарынан басымның бір бөлігі ішіне қарай майысқан. Ол мені неге екенін білмеймін басым мен бетімнен көбірек ұрды. Мен асүйде отырған екі жігітті көмекке шақырдым. Алайда ешкім келмеді. Шыдамай кеткен соң, аяғым ауыр деп өтірік айттым”, – дейді Айнагүл Ибраева.

Келесі күні бойжеткен есін жиып, өзінің ұялы телефонын тауып алады. Әпкесіне хабарласып, өзін алып кетуді өтінген. Алайда әпкесі мен ағасы тек бір күннен кейін ғана келіп, бірден ауруханаға алып барған.

“Ауыр соққының салдарынан қазір жүрегім қатты ауырады. Жүрегімнің бірінші дәрежелі жарақаты бар. Ауруханаға келгенімде миымның қатты шайқалғанын анықтадым. Бұл қиын кезең еді. Дәрігер бесінші соққы алғанымда, бас сүйегімнің сынып кетуі мүмкін екенін айтты. Әлі де қорқыныш бар. Психикалық ауруға шалдыққанмын. Жалғыз жүруге қорқамын. Сол себепті, мен соттың болғанын қалаймын”, – дейді Айнагүл.


Жіберіп алмаңыз:

15 жастағы жиенін зорлап жүкті қылып қойған ОҚО тұрғынына сот үкім шығарды

Оралдық жезөкше ішіндегісін жайып салды: Мені 150 000 теңгеге сатып алған

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қытайлық ұшқыш біліктілігінің арқасында 439 адамның өмірін құтқарып қалды (видео)

Талқылау