Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 18 жастағы итальяндық қызға қысым жасап, зорлады деп айыпталған экс-полицей ақталып шықты

Астаналық сот 18 жастағы итальяндық Амина Милоның ісі бойынша билігін асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы полиция қызметкері Дамир Байбазаровты ақтау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kaztag.kz

Өткен жылдың маусымында елордалық полицейлер есірткі қоймасын ұйымдастырып жүрген қызды қолға түсірген. Полицияның мәлімдеуінше, тергеу басталғаннан кейін қыз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды сұрап, арыз жазған. Тергеушінің шешімі негізінде қыз қауіпсіз үйге орналастырылды. Онда ол 16 күн тұрып, анасымен кездесіп, адвокатымен бірге тергеу әрекеттеріне барып жүрді.



2023 жылдың шілде айында қыз есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қараша айында процессуалдық заң бұзушылықтарды анықтаған прокурордың қатысуымен қылмыстық іс тоқтатылып, қамауға алынған қыз босатылды. Артынша ол қауіпсіз үйде болған кезде қысым көргенін айтып, полицияға арызданды. Сосын ол анасымен бірге Италияға кетіп, сол елдің азаматтығын алды. 

Айыпталушы полицейге қыздың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды табу үшін оны әдейі қауіпсіз үйге орналастырды деген айып тағылды. Дегенмен ол ақталып шықты. 

"Соттың үкімімен Б., есімді экс-полицейге қатысты қылмыстық кодекстің 362 бабы 4 бөлімі (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша іс қозғалды. Алайда ол әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталды. Қылмыстық процестік-кодекстің 41-бабының (Моральдық зиянның салдарын жою) талабына сәйкес, Б.-дан келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұралды", – дел3нген сот хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін 2023 жылдың жазында жасөспірім Ислам Қабдолдин мен Қазақстан тумасы, Италия азаматы Амина Мило Астанада ұсталған еді. Жігіттен есірткі пакеті табылып, ал Милоның телефонында бетбелгілердің суреттері болған. Іс материалдарына сәйкес, Мило қоймалардың орналасқан жерін өзі көрсеткен. Артынша полицейлер бұл жерлерден 34 пакет тапқан. 

Содан кейін Мило өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған. Тергеушінің ұйғарымының негізінде қыз қауіпсіз үйге жеткізіліп, 16 күн бойы жалғыз тұрған. Бұқаралық ақпарат құралдары ол жерде оған қысым жасалғанын, тіпті зорлау әрекеттері болғанын хабарлады.

2023 жылдың шілдесінде ол тергеу изоляторына қамалған. Бірақ қарашада ол босатылып, барлық айыптар алынып тасталды. Қыз анасымен бірге үйіне Италияға ұшып кетті. Ол полиция қызметкері қауіпсіз үйде қысым көрсеткенін айтып, арыз жазды.

Сот айыптау тарапы Байбазаровтың билігін және қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғанын айғақтайтын дәлелдемелерді ұсынбаған. Айып тек жәбірленушінің қарама-қайшы айғақтарына негізделген деген қорытындыға келді. Сот тергеуі барысында тағылған айып расталмады және сотта зерттелген дәлелдемелермен теріске шығарылды.

Бұған дейін прокурор экс-полицейді алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Талқылау