Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 15-қабаттан құлаған қыздың оқиға алдында жазған хаты табылды

Астанадағы “Новый мир” тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан құлаған 16 жастағы қыздың анасы Елена Спирина оқиға туралы айтып берді.

2173180

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Қыз колледжден стипендия алып, кулинар маман болуды арман еткен.

“Ол өте жауапты адам. Бәрін жүрегіне жақын алып, уайымдап жүреді. Мектепте де үздік болды, колледжде де алдыңғы қатардағы студент атанған. Бұл нәрсеге оны не итермелегенін білмеймін”, – дейді анасы.

Қазір қыз есін жиғанымен, алған жарақаттары мен сынықтарына байланысты жағдайы әлі де ауыр.

“Қызым тірі қалса екен, басқа ештеңе керек емес. Оның денсаулығы үшін мені қазір жансақтау бөліміне де кіргізбей жатыр. Есін жиған соң ата-анасын сұрады, әрі қарай ештеңе айтқан жоқ дейді дәрігер. Травматикалық шок алғандықтан сөйлеуінде де ақау бар. Ертең оған жасалатын ем туралы бәрін айтады. Ішкі органдары сау екен. Мені ең қинайтыны ол көп қан жоғалтты”, – дейді әйел.

Анасының сөзінше, қыз колледждегі кей жағдайға қатысты психологиялық қиындыққа тап болған. Ал оқу орынындағы психолог болса, сен маған емес, психикалық ауруханаға баруың керек депті. Сондай-ақ, полиция қыздың оқиға алдында жазған хаты табылғанын, бірақ, оны әйелге көрсетпейтіндерін айтыпты.

Безымянный

“Маған тергеуші оқиға алдында жазған қыздың хаты бар екенін айтты. Мен көрсетуін сұрап едім, ол қарсы болды. Тым құрыс ауызша айтып беріңізші деп едім, ол оған да қарсылық танытты. Мен бәрібір оған не болғанын білуім керек ғой”, – дейді Спирина.

Сол күні қыздың мүлде көңіл-күйі болмаған. Таңертең сабаққа баруға да аса құлшынысы бола қоймапты. Және әдеттегідей анасымен де сөйлеспеген.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған. 15-қабаттан құлаған қыз тұрақта тұрған автокөліктің үстіне түсіпті. Ауыр жағдайда жатқан қызға қан керек болғаны туралы да ақпарат шыққан болатын.

Оқи отырыңыз:

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов елбасыға хат жазып жатыр

Рахымжанмен бірге Рейхстагқа ту тіккен Гриша әділетсіздікке шыдамай асылып өлген

Ақтөбеде борышын өтегісі келмеген жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті

Мая Манеза, Чиншанло мен Подобедова спорттан шеттетілді

Талқылау