Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана зообағындағы маймыл бүлдіршіннің саусағын тістеп алды

Астана тұрғыны желіде «Astana Mall» сауда үйінің «ЕНОТиЯ» зообағындағы маймылдың сіңлісінің саусағын тістеп алғанын жазған.

20161018150326

Бұл туралы ол «Астананың мейірімді жандары» тобында жариялады.

«Сенбі күні балаларым мен сіңлімді зообаққа апардым. Маймылды тамашалап оған тамақ бердік. Бізге таныстырып жүрген қыз түлкіні көруімізді ұсынды. Түлкінің торы маймылдың жанында орналасқан. Қыз түлкінің торына бізден бірінші кіріп, соңында келе жатқан менен есікті жабуымды сұрады. Мен есікті жабайын деп бұрылып қарасам, осы сұмдық жағдай болып жатыр. Маймыл торда аңдып тұрып бірер секунд ішінде бүлдіршіннің кішкентай саусағын жібермей қойған. Мен айқайлай бастадым. Сіңілім жылап жатыр. Ал, қызметші қыз жайбарақат қарап тұр», – деп жазады Инстаграм қолданушысы klepa_89bk.ru.

Ол зообақ қызметкерлерінің алғашқы көмек көрсетпегенін де атап өтті.

«Келушілердің бәрі ережені оқиды, ереже бойынша торға қол салмау керектігі жазылған. Маймылға арнайы екпе де салынған. Олардың зообаққа кіру билетінің ақшасы қайтарылып берілді. Мен жеке өзім жануарларға арналған халықаралық ветеринарлы паспортты көрсеттім. Алайда, оның күйеуі басқа парақшаны суретке түсіріп алыпты. Қызметкерлер де дер кезінде бүлдіршіннің саусағына сутегі тамызғысы мен арнайы салфеткаларды таңды», – дейді зообақ жетекшілігінің көмекшісі Нұрлан Кушекпаев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полицейлері 9 жасар қызды қатігез анасынан құтқарып қалды

Маңғыстау тұрғыны ұлын “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтіргенін айтады

Ресейде белгісіз жомарт адам тұрғындарға конвертпен ақша таратуда

Ұлыбританияда денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді

Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камерадағыларды жеп қойды

Талқылау