Астана тұрғыны жігітті пайдалану үшін әлеуметтік желіде өзін қыз ретінде таныстырған
Астана тұрғыны жігітті пайдалану үшін әлеуметтік желіде өзін қыз ретінде таныстырған. Криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: media.vkplay.ru
Полиция мәліметінше, алаяқ ақша табу үшін желіде қыздың атынан жалған аккаунт ашқан.
"Алаяқ желіде қыздың атынан жалған аккаунт ашып, оның суреттерін парақшасына жүктеп, досына жазған. Уақыт өте келе ол жеке қажеттіліктері үшін 15-20 мың көлемінде ақша тапқан. Сома 100 мыңға жеткенде, жәбірленуші желіде танысының ақшаны қайда құртып жатқанын тексермек болған. Нәтижесінде карта нөмірінің артында инстаграмдағы қыздың аты-жөні жазылмағанына көз жеткізген. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан", — делінген хабарламада.
Жауап алу кезінде ұсталған азамат қылмысын мойындады. Белгілі болғандай, ол алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының тұрғыны қоныс аудару бағдарламасы бойынша Қостанай облысына барып, жеңілдіктер арқылы алаяқтық жолмен қосымша табыс таппақ болғаны туралы жазған едік.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
