Астана тұрғыны үйінің терезесінен әскери шеруді көруге тыйым салғаны үшін қорғаныс министрлігін сотқа берді
Видеодан скрин
Астана тұрғыны өз үйінің терезесінен әскери шеруді көруге тыйым салғаны үшін қорғаныс министрлігін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы астаналық өзінің Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Мен заңгермін және 7 мамырда өткен әскери шеру күні маған өзімнің балконымнан шараны тамашалауға тыйым салынғаны үшін қорғаныс министрлігін 26 мамыр күні сотқа бердім. Сот не шешім шығаратынын көре жатармыз", – деп жазды қазақстандық.
Айта кетейік, Астана тұрғындары Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру күні өз үйлерінің терезелерінен қуылып, бұл жағдайға наразылық білдірген еді. Дрондар 20-қабатты үйдің биіктігіне дейін көтеріліп, арнайы дауыс арқылы тұрғындарға терезелерді жабуды және артқа шегінуді талап еткен.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы әскери шеруді терезеден тамашаламақ болған тұрғынға дронмен ескерту жасалғаны туралы жазған едік.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
