Астана тұрғыны электр қуаты үшін 13 миллион теңге қарызданып қалды
Астана тұрғыны «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на электр қуаты үшін 13 миллионнан аса сома қарызданып қалды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына борышкерден тұтынған электр қуаты үшін ақшасын өтеп беру жөнінде шағымданды.
«2017 жылдың басында «Астана-РЭК» АҚ мамандары жауапты азаматтың электр қуатын қолдану ережелерін бұзғаны жөнінде акт толтырған. Сонымен қатар мамандар жүргізген тексеріс барысында электр қуатын тұтыну көрсеткішін өлшейтін құралдың ішкі жағы зақымдалғаны анықталды», – деп жазылған хабарламада.
Сот мәліметі бойынша бойынша, жауапты азамат үстінен шағым түсіргендердің мәліметтерін жоққа шығаратын дәлелдер келтіре алмаған.
Сот «Астанаэнергосбыт» ЖШС пайдасына шешіліп, жауапты азамат қарызын қайтарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы қарамағындағыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан
Алматыда үш әйелді өлтіріп, ағзаларын кесіп алған қанішердің ісі сотқа тапсырылды
ОҚО әкімі 7 жасар баланың ауылдастарымен кездесті
Елімізде наурыз көжеге қосылатын қоспалар бағасы қымбаттап кетті