Астана тұрғыны қымбат Tesla көлігін бар-жоғы 5 мың теңгеге иемденді
Алматыда Tesla Model тоқ көлігі ұтысқа ойнатылды. Жаз айында бұл көліктің иесі Санжар Алтаев көлікті бар жоғы 5 мың теңгеге ойнататынын айтқан еді.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Жәшіктен билет нөмірін «Милосердие» ерікті қоғамы қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин алды. Билет нәтижесі бойынша Астана тұрғыны ІТ маман Юрий жеңімпаз атанды.
Салтанатты шараға жеңімпаз келген жоқ. Оған ұйымдастырушылар хабарласып жеңісі жайлы айтты.
«Қобалжулы сәт болды. Жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болды», – дейді Санжар. Байқау шарты бойыншы көліктің бұрынғы иесі жеңімпазға әуебилетін сатып алып беруі керек.
Бұдан бөлек байқауда 300 ынталандыру сыйлығы ойнатылды. Санжар Алтаевтың айтуынша, байқауға 8900 ойыншы қатысыпты. Бұған дейін ол көліктің 36 млн теңге тұратынын, байқауға 7200 ойыншы қатысатынын айтқан. Ұтыстан түскен қаржының 10 пайызы, яғни, 2,7 миллион теңге Аружан Саинның қайырымдылық қорына аударылды.
Көлік иесі көлікке заманауи литий-ионды аккумулятор орналастырылғанын айтты. Оның айтуынша, барлық қуаттау құрылғысы 250 мың теңгеге шығады. Алтаев көліктің жаңа иесіне оны қуаттауға көмектесуге уәде берді.
Жіберіп алмаңыз:
Шығыс Қазақстанда бойжеткен жүріп бара жатқан пойыздың астына түсті
Жоғалып кеткен қарағандылық қыз асылып қалған күйінде табылды
Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды
Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр