Астана тұрғыны із-түссіз жоғалған егіз ағасына іздеу жариялады
Астанада 28 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бұл туралы оның егіз сыңары әлеуметтік желіде хабарлады.
Аслан Қойшинов Фейсбук желісі арқылы туған бауырына іздеу салған.
“2016 жылы 10 қараша күні егіз-ағам 1988 жылы туған Арман Абайұлы Қойшинов үйден шығып кетіп қайта оралмады. Ол үстіне қара түсті бас киім, қара былғары күртеше, көк джинсы, қоңыр түсті кроссовка киіп алған. Бойы 165 см, салмағы 80 келі. Полицияға шағым түсіріп қойдық. Туыстарымыз бен достарымыздың бәріне хабарластық, олар көрмеген болып шықты. Телефоны өшірулі”, – деп жазды Аслан Қойшинов.
Оның сөзінше соңғы кездері олар ағасы екеуі бизнеспен айналысқан екен. Арман Қойшиновты көрген-білгендер болса 8 707 269 61 13 телефон нөміріне хабарласса болады.
Оқи отырыңыз:
Головкиннен аумайтын қазақ жігіті кәсіпқой бокстан Қытайды бағындырды (фото, видео)
Дональд Трамп 400 мың долларлық жалақыдан бас тартты