Астана-Павлодар тас жолында жеті көлік соқтығысты: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар (видео)

Астана-Павлодар трассасында жеті көлік жаппай соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"13 жетоқсан күні Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында, Павлодар бағытына қарай, 94–95 шақырымда жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды", – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті.
Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты (видео)
Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданбақ.
Бұған дейін Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапқан еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев