Астана мен 10 қала тұрғындарын қолайсыз ауа райы күтіп тұр
30 наурызда "Қазгидромет" еліміздің 10 қаласын қолайсыз ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: dzen.ru
30 наурызда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана, Петропавл қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін.
Астанада метеорологиялық жағдай қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы 30 наурызда қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғарылайды. Ауа райы қолайсыздығының 1, 2, 3 деңгейі тіркеледі.
Павлодарда 30 наурыздан 31 наурызға қараған түні метеорологиялық жағдай қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ауаның ластану деңгейінің жоғарылап, 1 дәрежелі ескерту жасалды.
Қарағандыда қала бойынша ауаның ластану деңгейінің жоғарылайды.
Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаның ластану деңгейі төмендейді.
Өскемен, Риддер және Семейде 30 наурызда метеорологиялық жағдайқала атмосферасында лас заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғарылайп, 2-дәрежелі ескерту жарияланды.
Петропавлда 30 наурызға қараған түні метеорологиялық жағда қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.
Алматыда 30-31 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ауаның ластану деңгейі төмендейді.