Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана маңында ұшақ құлаған сәттің видеосы тарады

ұшақтың құлаған видеосы

Видеодан скриншот

Ақмола облысында ұшақтың қалай құлағаны видеоға түсіп, желіде тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

17 тамызда Астана маңында UP-LA-229 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан ұшқыш пен жолаушы мерт болған. Мерт болғандар үш баланың анасы, 43 жастағы Диана Ахметова мен ұшақтың иесі Арман Мусин екені белгілі болды. Әйел адам көптен бергі арманын орындап, туған күнінде өзіне сыйлық жасап, ұшақпен ұшпақ болған. Жоспар бойынша ол Төңкеріс ауылының маңынан әуеге көтерілуге тиіс еді. 

Диананың танысының айтуынша, әйел алдын ала әуе сапарын ұйымдастыратын компания өкілдерімен хабарласып, олардан нұсқаулық алған. Онда көрсетілген ереже бойынша, компанияның жұмыс уақыты ауа райына тікелей байланысты. Олар жаңбыр немесе қатты жел кезінде ұшпайтынын айтқан. Егер жоспарланған күні жаңбыр жауып кетсе, ұшуды тоқтатып, оны басқа күнге шегереміз немесе ақшаны қайтарамыз делінген.

Ал ұшақ құлаған сәтті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған.

Бұған дейін Ақмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 12:17
Талқылау