Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана – Қарағанды учаскесінде жолаушылар пойызы өртенді

Қазақстан темір жолы компаниясы Астана – Қарағанды учаскесінде жекеменшік жолаушылар пойызы өртенгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ

"22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде "Турксиб Астана" жекеменшік тасымалдаушысының Қостанай – Алматы бағытымен келе жатқан №44 жолаушылар пойызында өрт анықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагон ағытылды", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өрт теміржолшылар мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен сөндірілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды алып жүретін жолаушыларға пойыз билеттеріне 50% жеңілдік жасалмақ


Еске салайық, бұған дейін Пәкістанда лаңкестер жолаушылар пойызын атқылап, адамдарды кепілге алғанын жаздық. "Белуджистанды азат ету" тобы 400 адам отырған пойызды атқылаған. Шабуылдан кейін пойыздың қозғалысы тоқтап қалды. Пойыз тау арасындағы туннельде тұрғаны хабарланды. Полицияның мәліметі бойынша, туннель маңында жарылыс пен атыс дауысы естілген. 

Талқылау