"Астана" футбол клубының түлегі Белгияның "Гент" командасына ауысады
“Астана” футбол клубының тәрбиеленушісі Рауль Аллахвердиев Белгияның ең атақты командасы “Гент” сапына ауысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: jenisfk.kz
18 жастағы елордалық команданың түлегі жақын арада белгиялық клубпен келісімшартқа отырады. Футболшы “Генттің” U21 жастағы құрамына барып қосылады. Футболшы сәуір айының алғашқы аптасында Белгияға сапар шегеді.
Рауль Аллахвердиев 15 жасында астаналық “Жеңіс” сапында өнер көрсетіп бастады. Шабуылшы былтырғы маусымда көкшетаулық “Оқжетпес” командасының құрамында ойнады.
Бұған дейін, ойыншыға Әзербайжан футбол федерациясының қауымдастығы қызығушылық білдіріп, ұлттық құрама сапында ойнауға шақырған еді. Себебі, Аллахвердиевтің негізгі ұлты әзербайжан. Алайда Рауль Қазақстан құрамасында өнер көрсететкісі келетінін хабарлады.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық ойыншы Дастан Сәтпаевтың ағылшындық “Челси” футбол клубына ауысқанын жеткізген едік.