Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер “Астана-Бурабай” жолында ерлікпен қаза тапқан азаматтың отбасына көмектесіп тұруға уәде берді

Астана-Бурабай жол трассасында «Ниссан цефиро» автокөлігінің жолаушыларын құтқарамын деп қаза тапқан Құмарбек Жәкетайдың отбасына материалдық көмек көрсетілетін болды. Жергілікті фермер, «Қаражар-2015» ЖШС директоры Тұрлыбек Болатов Жәкетайдың отбасына 100 мың теңге ұсынбақ. Ал Бурабай аудандық әкімдігі қаҺармандық жасаған жерлестерінің отбасына көмек көрсетудің жолын қарастыруда.

;jaketay

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Тұрлыбек Болатовтың материалдық көмек көрсететінін туралы Атамекен ауылдық округінің әкімі Дауылбай Қапезов айтып берді.

«Құмарбек Жәкетайды ауылдастары қарапайым, байсалды әрі адамгершілігі мол адам ретінде таниды. Ешқашан ешкіммен ұрысқан емес. Алғашқыда ауылда механизатор, ал соңғы кездері су тартып шығаратын мекемеде қызмет атқарды, одан бөлек такси жүргізді.

«Ниссан» жүргізушісі Ерлан Оспановпен бірге ол автокөлік жолаушыларын сыртқа шығарып алуға тырысқан. Автобустың тура солардың үстіне келе жатқанын естісе де ол тұра қашқан жоқ. Соңғы сәтке дейін адамдарды құтқарып алатынына сенді» », – деп атап өтті ол.

Жергілікті кәсіпкер Тұрлыбек Болатов игі ісін материалдық көмек деп айтудан ұялады.

«Қазақтар мұндайды бата дейді. Ондайды жария қылушы ма еді? Ол адамды танымайтынмын, бірақ ол нағыз ерлік жасады. Жаңалықтардан көрдік, қаншама көлік ауа-райының қолайсыздығын сылтауратып тоқтамаған. Ал бір отбасы асыраушысынан айырылды. Оларға қарайласып тұрамын. Кенже ұлы «Мирас» мектеп-гимназиясында білім алады. Оқу ақысын төлеу қажет болса, көмектесуге әзірмін», – дейді кәсіпкер.

Ал Бурабай аудандық әкімдігі қайғыдан қан жұтқан отбасыға көмектесудің жолын қарастыруда.

«Әкімдік тарапынан көмек міндетті түрде көрсетіледі. Бұл туралы ауылдық округтің әкімшілігіне де айттық. Әкім барлық нұсқаларды қарастырып жатыр. Жақын арада нақты жауабын береміз», – дейді аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Малика Нұрпанова.

Кұмарбек ағаның артында қалған жесірі Түнхатар Сапарғали қайғыдан қан жұтып отырғанын, алайда жасаған әрекеті үшін күйеуін мақтан тұтатынын айтты.

«Әлі жеті күн де өткен жоқ. Өте қиын. Үнемі ол үшін алаңдайтынмын. Оның асқазанында жарасы болды, жиі сырқаттанып қалатын. Алайда өмірін басқа нәрсе қияды деп ойладым ба? Өзі өте ақкөңіл, балажан болатын. Келіндерді құрметтейтін. Оның отбасы құндылықтарына деген көзқарасына тәнті едім.

Сол күні біз оның немере әпкесінің жаназасына бардық. Ал жол апатына дейін бірнеше минут бұрын ол ұлымызға хабарласып, абайлап жүруін айтты. Ал арада біраз уақыт өткен соң ұлымыз сол трассадан өтті. Апаттан көз жұмғандарды көргенін, олардың арасында әкесінің күртешесіне ұқсас адамды байқағанын айтты.

Ер адамдардың бәрі қайтып келді, жалғыз ол ғана болмады. Сұрауға да ыңғайсыздандым, қанша дегенмен жаназа. Ұлымның да өңі қашып кеткен еді», – дейді әйел.

Өмірі туралы әңгімелеген әйел «тәуба» деп жиі қайталады.

«Қарапайым адамдармыз. Үлкен ұлым мен қызым жұмыс істейді, Астанада пәтер жалдап тұрады. Ұлым – оңалту орталығында жаттықтырушы-ұйымдастырушы, ал қызым жақында ғана жұмыссыз қалды. Кенжеміз Щучинсктегі «Мирас» мектеп-гимназиясында 9-сыныпта оқиды. Өзім мектептің жанынан құрылған кішігірім орталықта тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеймін. Алатыным айына 15-18 мың теңге. 3 топ мүгедегімін. Бір қолым жұмыс істемейді. Сол себепті ұлым алаңдап жүр. Елордадан үйге оралып, маған көмектескісі келеді. Рұқсат бермедім. Астанада өз өмірлерін құрсын. Біз аш қалмаспыз. Үйіміз, малымыз бар. Әрине, шаруашылықты алып жүру оңай болмас. Бірақ амал нешік?! Бұл тағдыр. Бәрі Алланың қолында.

Ешкімді де кінәламаймыз. Жаным ауырғандықтан жылаймын, әлі де болса өмір сүріп, бала-шағасының қызығын көрер ме еді. Ол балаларын мақтан тұтатын.

Алайда күйеуімді білгендіктен таңғалмаймын. Біреудің басына іс түскенін көре тұра ол айналып өтпес еді», – дейді әйел.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Алматы облысының шенеуніктері жылап барған жалғызбасты анаға жекіп тастаған

Талқылау