Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана ботаникалық бағындағы балықтардың қырылуы: Әкімдік жағдайды түсіндірді

Астаналықтар Ботаникалық бақтағы балықтардың қырылып жатқанын видеоға түсіріп алған еді. Әкімдік бұл дерекке қатысты түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Әкімдік жасанды көлшіктің балық өсіруге арналмағанын айтты.

"Ботаникалық бақтағы жасанды көлшік әуелде инженерлік жүйенің бір бөлігі ретінде, яғни көгалдарды суару мен фонтанның жұмысына бола жасалған. Оның құрылымы балық өсіруге немесе балықтың мекендеуіне сай келмейді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік бұнда балықтардың қалай келгенін түсіндірді.

"Бұл су көзі "Нұра" каналы арқылы толтырылып отырады, кішкене шабақтар сол жолмен көлшікке түскен болуы мүмкін. Каналдан су келетін жолда арнайы тосқауыл тор қойылған. Ол ірі балықтардың өтуіне жол бермегенмен, уылдырықтар мен шабақтарды тоса алмайды. Бұған дейін (2022 жылы) судағы жәндіктерді сақтау үшін қыс мезгілінде мұзды бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Бірақ су көзі жасанды болғандықтан және таяз болуы себепті бұл тәсіл пайда бермеді. Көлшік табанына дейін мұз боп қатып қалды", – делінген мәлімдемеде.

 

Талқылау