“Астана банктен” ақшасын ала алмаған салымшылардың талмасы ұстап, құлап қалды
“Астана Банктің” айналасында туған дау әлі де жалғасып жатыр. Клиенттер банкке салған ақшаларын қайтара алмай қаламыз ба деп алаңдап отыр. Себебі бүгіннен бастап салымшылар айына әрі кеткенде 100 мың теңге ғана шешіп ала алады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл проблемадан Ұлттық банк төрағасы да хабардар. Бүгін салымшылар банк филиалдарын “басып алып”, ақшаларын кері алу үшін кезекке тұрды. Ал банктегілер қаржы жетіспеушілігін ашық мәлімдеп, шектеу қойды. Бұдан былай физикалық тұлғалар айына әрі кеткенде 100 мың теңге шешіп ала алады. Ал жаңа ережеден хабардар болған кей салымшылардың бүгін жағдайы нашарлап, тіпті кейбірі талып құлап жатты.
“Күйеуіме ота жасайды, соған ақша керек еді, бірақ қазір банк ақша бермей отыр. Бірінші маусымға дейін депозит ақшасын бере алмаймыз деді. Енді не істеймін? Қайда барамын? Қазір күйеумді жедел жәрдем кардио-орталыққа алып кетті”, – дейді клиенттердің бірі Гүлнар Аутова.
“Таңғы сағат 9-дан бастап жауап алуға тырысып жатырмыз. Кеше колл-центрге хабарласқанымда, ондағылар миллион теңгеге дейін шешіп ала алатынымды айтты. Аптасына 200 мың деген… Бүгін интернет-банкингті ашсам, 50 мың теңгеге дейін шектеу қойыпты”, – дейді тағы бір салымшы Ольга Гребенкина.
Бүгін банк бөлімшелірінің алдында жедел жәрдем кезешілікте тұрды. Ал таңертеңнен ақшаларын күтіп-күтіп шаршаған кей клиенттердің талмасы ұстап қалды. Банк басшылығының да жағдайы мәз емес. Себебі ақшамызды қайтар деп, клиенттердің басым бөлігі дәл бүгін келген.
“Шектеу енгізілді. Яғни біздің картаны пайдаланатын жандар, бірінші маусымға дейін 100 мың теңгеге дейін ақша шешіп ала алады. Айына бір рет. Ал аударма операциялары, банкаралық аударымдарға 50 мың теңгеге дейін рұқсат. Бұл барлық клиенттерді қамтамасыз ету мақсатында жасалған уақытша шара. Барлығы жақсы жағына шешіледі деп ойлаймын”, – дейді “Астана Банк” АҚ Алматы филиалының директоры Қайрат Иманғалиев.
Ал Ұлттық банктегілер салымшыларға көмектесеміз деп сендірді. Ал шетелде ем қабылдауға ақша қажет ететін клиенттер болса, бұл мәселеге Ұлттық банктың араласуына тура келеді.
Банктер біздің тұрғындардың, халықтың ақшасын сақтап отыр. Біз Ұлттық банк ретінде банктердің өз міндетін атқаруын қадағалауымыз керек. “Астана Банк” енгізген шектеу 1 маусымға дейін жалғасады. Ол уақытқа дейін банк тығырықтан шығатын жол табуға ниетті.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанның Ұлттық Банкі айырбас бағамын тұрақтандыруға тырысуда
Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ
Қазақстандағы сайлау туралы заңға түзетулер енгізіледі
Сағадиев лимузин жалдап бітіру кешін өткізетіндер туралы әңгімеледі