Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Ұлттық Банкі айырбас бағамын тұрақтандыруға тырысуда

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев кәсіби қатысушылардың қызметін ырықтандыру және айырбас бағамын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін қор биржасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі жұмыс туралы әңгімеледі.

Қазақстанның Ұлттық Банкі айырбас бағамын тұрақтандыруға тырысуда

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Банк болып табылмайтын брокерлік компаниялар биржалық валюта нарығындағы сауда-саттыққа және банктік операциялардың жекелеген түрлеріне лицензия алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл валюталық тəуекелдерді сақтандыру жəне айырбас бағамдарының құбылмалылығын азайту үшін қосымша құралдарды жасайды», – деді Ақышев парламент мәжілісінің отырысында.

Ұлттық Банктің Төрағасының айтуынша, ақша шығаратын ұйымдарға қатысты уәкілетті органдардың бақылау-қадағалау қызметі азайды. Эмитенттердің қор нарығына шығуына және олардың қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал ететін бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша рұқсат беру рәсімдері оңтайландырылуда.

Ақышев сондай-ақ қор нарығын дамытудың негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.

«Қор нарығының инфрақұрылымы оңтайландырылуда. Бағалы қаағаздардың орталық депозитарий базасында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдерді жеңілдететін және бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу уақытын қысқартатанын, сонымен қатар инвесторлар шығындарын азайтатын барлық тіркелген  мәмілелер бойынша бірыңғай дерекқор құру жоспарланып отыр», – деді ол.

Ұлттық Банктің басшысы атап өткендей, бірыңғай базаны құру биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін ашады. Ал бұл нарыққа қатысушыларды бағалы қағаздарға баға белгілеуді айырбастауға және ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: 

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

Талқылау