"Астана банкінің" экс-басшысы сырттай сотталып, 14 миллиард теңгеге бағаланған мүлкі тәркіленді
Фото: Facebook/Astana Banki
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана Банкі" АҚ-ның жоғары басшылығы мен қызметкерлеріне қандай үкім шыққанын мәлімдеді. Олардың мәліметінше, банктің экс-басшысы Олжас Тоқтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров биыл мемлекетке келтірілген шығынды жариялаумен бірқатар сот шешімдері қабылданғанын айтты.
Оның айтуынша, 2025 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Астана Банкі" АҚ-ның бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты.
"Сот "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Тоқтаровты банкроттыққа дейінгі кезеңде агенттік қызмет көрсету желеуімен ұрлық және Алматыдағы бизнес орталығын бақылаудағы компанияның пайдасына заңсыз иеліктен шығару үшін кінәлі деп таныды. Тоқтаровтың жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден астам тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік нысандар, ғимараттар, жер телімдері, бағалы қағаздаы мен криптовалюта түріндегі мүлкі тәркіленді. Осылайша ол сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді агенттіктің ресми өкілі.
Сондай-ақ "Астана Банкі" АҚ филиалы, департаменті және басқармаларының бұрынғы басшыларының арасынан оның қарамағындағы қызметкерлері де кінәлі деп танылды.
"Олардың қылмыстық қудалау органымен және сотпен ынтымақтастығын, кінәсін мойындағанын және заңсыз әрекеттерді ашуға көмектескенін ескеріп, сот оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады", – деді Бигайдаров.
Айта кетейік, “Астана банк” АҚ 2018 жылдың 18 қыркүйегінде Ұлттық банк шешімімен барлық банктік операцияларды орындау құқығынан айырылған еді. 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалы соты банкті лицеззиясынан айыру туралы шешім шығарған. 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты қазақстандық кепілдендіру қорына үкімнің заңды күшіне енбегенін мәлімдеген. Себебі 2018 жылдың 26 қарашасында МАЭК шешіміне 6 заңды өкілден және 3 жеке тұлға атынан апелляциялық шағым түскен. Ал 2019 жылы “Астана банкін” тарату туралы сот шешімі күшіне енген.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
