Астана-Алматы тас жолында 30-дан астам жолаушысы бар автобус отқа оранды

Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары жанып жатқан автобустан 34 жолаушыны эвакуациялады. Олардың ішінде шетел азаматтары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 960-шақырымында Астанадан Шымкентке бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шыққан.
Өрт шамамен 2 шаршы метр аумаққа дейін таралды. Десе де өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді.
Автобустағы жолаушылар эвакуацияланып, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.
“Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған”, – делінген хабарламада.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"