Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана-Ақтөбе пойызының жолсерігі ұмытып кеткен 2 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Қазақстандық пойыз жолсерігі жолаушы ұмытып кеткен 2 миллион теңгені қайтарып берді. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

1551810

Фото: Болат Шайхинов

№87/88 бағытындағы Астана-Ақтөбе пойызы межелі жерге жеткеннен кейін №16 вагонның жолсерігі Ержан Арденов купедегі төсек жаймасы астынан әмиян, 2 миллион теңге, банк картасы және басқа да қымбат дүниелерді тауып алады. Пойыз басшысымен бірге акт толтырылып, табылған заттар түгелдей иесіне қайтарылған.

Теміржол компаниясының хабарлауынша, жолаушылар пойызда ақшасы мен құжаттарын ғана емес, телефон, ноутбук, сағат сынды бағалы заттарын да қалдырып кетеді екен. Тек жыл басынан бері өңірлік филиалдың жолсеріктері 18 рет қымбат заттар мен құжаттарды иелеріне қайтарған. Жолаушылар тасымалы ережесі бойынша жүксалғыш пен пойыз бригадасы жолаушылардың жеке затын сақтауға қатысты жауапкершілікті өз мойындарына алмайды. Сол себепті жолаушы өзінің әр заты мен ақшасын, құжаттарына аса мұқият болуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда студент суға батып өлмекші болған қарияны құтқарып қалды

Алматыда университет жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

11 баланың əкесі: Азық-түлікті қаптап аламыз (фото)

Ақмола облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр

Талқылау