Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі қандай көлікпен қатынайтын болады

Астана әкімі Әсет Исекешевтың қандай көлікпен қатынайтыны белгілі болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеп.

Астана әкімі қандай көлікпен қатынайтын болады

«Қала әкімі күн сайын «Toyota Hi Ace» шағын автобусымен және «Мерседес» көлігімен жүретін болады. Ол қаланы жол бойымен айналып, жолдардың құрылысын тексереді  және балабақшалардың айналасынмен өтеді» – деді Эльвира Жүргенбаева.

Қалалық қоршаған ортаны қалпына келтіру бөлімінің басшысы Ғани Исқалиев өз кезегінде әкімнің бизнес-кластағы таксимен жүретінін, ал төменгі дәрежедегі лауазымды тұлғалардың эконом-класты көлікпен қанытайнынын айтты.

«Әкім түрлі көлікпен жүреді. Сондай-ақ ол микроавтобуспен де қатынайтын болады. Әкімдік көлікті таксопакртен айлық жалдау шарттары бойынша ғана алады. Сондай-ақ, жүргізуші де таксопарктің қызметкері ретінде тіркеледі. Әкім жүретін бизнес дәрежесіндегі көліктер – «Toyota Camry» және «Skoda Superb». Таксопарк қала басшысын тасымалдау үшін кез-келген автокөлікті беруге құқылы. Ал, эконом кластағы автокөліктерге келер болсақ, бұл – әдеттегі қалада жүретін қарапайым көліктер. Мысалы, мен бұрын «Кия Cadenza» көлігімен жүрсем, енді эконом-кластағы таксимен қатынайтын боламын», – деді Ғани Исқалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау