Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым

Асхат Тарғын жуырда өзінен 12 жас кіші қызға үйленбек. Ол тойға дайындық жұмыстарының қалай өтіп жатқанын сөз етті. Мұнымен қатар, әнші үйленбес бұрын қызынан рұқсат сұрағанын айтты.

1954

Бұл туралы “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Асхат Тарғыновтың үйінде үлкен думан болғалы жатыр. Өнер иесі екінші рет отбасын құрмақ. Жұлдыздың жүрегін жаулаған арудың есімі – Әлия. Асхат мырзаның болашақ жары өзінен 10 жасқа кіші. Табысын тойдан табатын жұлдыз болашақ жарымен осындай думандардың бірінде танысқан.

«Отбасын құрғалы жатқаным рас. Көптен бері әңгіме болып келеді. Әне-міне деп жүріп, осы уақыт бұйырып тұр. Жақында той болады. Қазіргі таңда 12 жас үлкен емес деп ойлаймын. Біреуге үлкен болып та көрінуі мүмкін. Бұрынғылар махаббат жасқа қарамайды деп айтып жатады ғой. Тойда танысып, жақсы араласып кеттік. Бірақ қыз-жігіт болып жүрмес бұрын бір жылдай дос ретінде сөйлестік. Арамызда артық әңгіме болмады.  Оның үстіне ол ЖОО-да оқып жатты. Ақыры қарым-қатынасымыз жақындап, ол былтыр оқу бітірді. Екеуіміз осындай шешімге келдік», – дейді әнші.

Әнші тойын жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін қыруар қаражат керегі сөзсіз. Мұнымен қатар, үйіне қалыңдық әкелгелі жатқан жұлдыз, алғаш ата-анасынан емес, жалғыз қызынан рұқсат сұраған екен.

«Орташа есеппен 7-8 миллон ақша кетеді. Қазақта «Қарызданып қатын ал, қатының қалар қасыңда» деген жақсы сөз бар. Қызыма 4-5 ай бұрын ескерттім. Өткен жылы қыркүйекте келді. Сол кезде «Қызым, әкең жалғыз. Қазір қиналып жүрмін. Мен үйленіп, отбасылы болуым керек. Сен ренжіме. Қандай жағдай болса да, мен сені тастамаймын, бағамын. Қолымнан келгенше жеткізіп, бар жағдайыңды жасаймын деп айтқанмын. Ол «Әке, жақсы» деп өз келісімін берді. Осылайша бірінші қызымның келісімін алдым», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаев: Топта орным жоғын түсінген соң кеттім

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Димаш Қытайлық “Грэмми” сыйлығына үміткер атанды

Талқылау