Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай заманауи қазақтарды “жалқау әрі тойымсыз” деп атады

Белгілі журналист Асхат Садырбай еуропалықтар мен кәрістердің артықшылықтарын мысалға келтіре отырып, олардан үлгі алуға шақырды. Ол халқымызды шетелдіктермен салыстыра отырып, заманауи қазақтың жағымсыз қасиеттерін атады.

асхат садырбай 0604

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біз қандай едік? Біраз мемлекетті іссапармен аралап жүргенде негізгі жұмыстан бөлек уақытта мен сол ұлттардың болмысын зерттедім. Еуропалықтар қандай? Білмесек те, көзімізбен көрмесек те, танымасақ та “ой, олар лас. Қыздары ашық-шашық киінеді. Жігіттермен көшеде құшақтасып, көптің көзінше ұялмай сүйіседі. Некесіз қатынасқа түседі. Бала туғылары келмейді. Келсе де біреумен шектеледі. Әйелдері еркектер сияқты киінеді, еркектермен тең құқылы, шылым шегеді, шарап ішеді…” дейміз.

Ойланып кеттіңіз бе? Мен қазақтар жайлы емес, біздің санамызда осындай мінезбен қалыптасып кеткен еуропалықтар жайлы айтып отырмын. Менің аңғарғаным, еуропалықтар мүлдем пара алмайды, (өліп кетсе де) пара бермейді. Кімге болса да көмек қолын созуға дайын. Қызметке (жұмыс істей алса да, істей алмаса да) тек өзінің тамыр-танысын тартып алу, мемлекеттің ақшасын жымқыру дегенді білмейтін xалық. Байлыққа, қабат-қабат үйге, гараж-гараж мәшинеге қызықпайды. Өте сабырлы, ақжарқын, ешқайда асықпайды. Жол сұрасаңыз береді, кезек сұрасаңыз жымиып қана өткізеді. Барға қанағат, жоққа сабыр етеді. Бұл еуропалықтардың жақсы жақтары.

Енді, кәрістерге келейік. Бізде қалыптасқан түсінікте “олар иттің етін жейді, лас, не болса соны тамақ қылады, жігіттері боянады, қыздары еркекшора…” деп кете береді. Ал, мен Кореяға барғанда өзін сыйлайтын нағыз кәрістердің иттің етін мүлдем жемейтінін білдім. Корея асxанасы тек денсаулыққа пайдалы көкөністер мен сиыр етінен тұрады. Олар мүлдем майлы тағам жемейді. Баласы да қарты да тауға, қырға шыққанды ұнатады, өрмелегіш. Аманатқа өте берік, ұрлық дегенді білмейді. Телефоныңызды көшеде түсіріп алсаңыз ертесіне келіп тауып ала аласыз. МАИ қызметкерлері жүргізушілермен өте сыпайы сөйлеседі, өліп кетсе де ақша алмайды. Әңгімелері де, әндері де көңілді нотамен аяқталады. Өте еңбекқор, артық дүние жинамайды. Құдайдан қатты қорқады. Бәсекелестік жоғары болғандықтан еркегі де, әйелі де күндіз-түні еңбек етеді.

Мен қазір екі-ақ ұлтты мысалға келтірдім. Ал, біз ше, біз қандай едік, қандаймыз, қандай боламыз? Біз пейілі кең, көңілі даладай дарxан, мейірбан, досқа адал, антқа берік, дүниеқұмар емес, өлімнен ұят күшті дейтін ел едік. Қазір мүлдем басқамыз. Біздің бойымызда әр ұлттың ең жағымсыз қасиеттері жиналып, күннен-күнге дамып келе жатқан сияқты. Сабырсызбыз, қызғаншақпыз, тойымсызбыз, жалқаумыз. Енді бір елу жылда қандай боламыз, білмеймін. Бірақ тура сол бұрынғыдай болмаймыз-ау. Өзгеріп кеттік, өзімізге де, өзгеге де ұқсамайтындай боп қатты өзгеріп кеттік”, – деді налыған журналист желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Мейрамбек пен Сәкен отбасыларымен әріптестерінің бейнебаянына түсті (фото, видео)

Әнші Әдемі кәріс баласын балағаттаған қазақтарға жауап берді

Қымбат көлікті талқандаған Сиви оғаш әрекетке баруының себебін түсіндірді

Талқылау