Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар
Белгілі тележурналист Асхат Садырбай өзінің өткен өмірін қазбалайтын телеарналарға деген ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Күні кеше отандық бағдарламалардың бірінде Ерке Есмаханға бұрынғы күйеуі мен отбасы жайлы сұрақтар қойылды. Сонда әнші ұлын ойлағандықтан, оның әкесіне, яғни Асхат Садырбайға қатысты біраз жайтты жасырып қалғанын айтқан еді. Еркенің сөзі Асхаттың шамына тисе керек-ті, ол өз жауабын берді.
«Әркімнің өз ақиқаты бар. Шындықты айтқанды мен де қатты жақсы көремін және айта аламын да. Бірақ, көп ретте мен өзімді сабырлыққа шақырып, кезекті циркті тамашалап отыра беремін. Әйтпесе Алланың атымен ант етейін, менде де айды аспанға бір-ақ шығаратын ақиқат бар, жетеді. Айтпаймын, өйткені алдымен ойлаймын, тоқтаймын. Айтар болсам менің ақиқатым өтірігімен қосып өкпесін тесіп өтіп, өзегін өртеп жібереді. Енді айтамын ба? Айтсам қашан? Білмеймін…» – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Одан кейін журналист қоғамда болып жатқан өзекті жайттарды талқыламай, елдің алдында жүрген танымал азаматтардың жеке өмірін сарапқа салатын телеарнаға сын тақты. Айтуынша, жыл сайын неге екені белгісіз, осы мезгілде БАҚ құралдары оның бұрынғы отбасына қатысты мәліметтерді қазбалайды.
«Жыл сайынғы осы уақытта менің өткенімді өсектеу дәстүрі биыл да жалғасын тауыпты. Ауаға кеткен эфирдің есіл уақыты-ай. Телеарналар сол сорпаның орнына қоғамға пайдалы дүние көрсетсе, әлеуметтік мәселелерге тоқталса, қақаған суықта мақта теріп, табанынан сыз өтіп жатқан жандар жайлы дабыл қақса, қара нанға мұқтаждардың мұңын шақса, төсектен тұра алмай дәріге зәру боп жатқан балапандар жайлы айтса, басқа да маңызды мәселелерге эфирден уақыт бөлсе болмай ма? Болады. Бірақ…» – деп аяқтады сөзін танымал тележүргізуші.
Естеріңізге сала кетейік, Асхат Садырбай мен Ерке Есмахан бұрын некеде болған. Екеуінің Мүслім есімді ұлдары бар. Алайда белгісіз себептермен көп ұзамай олардың шаңырағы шайқалды. Ерке бұрынғы зайыбының өзіне қол көтергенін, сыйға берген заттарын қайтарып алғанын айтып айыптаса, Асхат бұл орайда үнсіз қалды. Есесіне Садырбайдың анасы БАҚ-қа берген сұхбатында Еркенің ұрды дегенін жалған сөзге балады.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлықпан Жолдасов анасының 90 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Тележүргізушілер айқасы: Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?
Бүркіт Айшаның стилін сынға алғандарға жауап берді
Сәкен Майғазиев: Хор-хор шексе үндемей, мешітке барса сөгеміз (фото)