Әскери борышын өтеген қазақстандықтар колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге квота алады
Ғылым және жоғары білім министрлігі "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" бұйрыққа түзетулер жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатты әзірлеушілер Қазақстан азаматтары үшін бекітілген техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға (колледждер мен жоғары оқу орындары) оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының мөлшерін бекітуді ұсынды. Бұған әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтегендердің 1%-ы кіреді.
Сонымен қатар квота мөлшері мына адамдар үшін қарастырылады:
- I немесе II топтағы мүгедектігі барлар, бала кезінен мүгедектігі барлар, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар – 1-ден 10%-ға дейін;
- бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, І немесе ІІ топтағы мүгедектер – 1-ден 5%-ға дейін.
- "Рапорт жазып, басқа жұмысқа кету керек": Әскери сарапшы қорғаныс министрі Жақсылықовқа көңілі толмайтынын жеткізді
Айта кетейік, жоба 24 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Еске салайық, бұған дейін әскерге шақырылған IT-мамандар әскери қызметін 1 жыл емес, 42 күнде әскери-техникалық оқу орнында өтей алатынын жаздық. Жобаны қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатыр.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді