Психиатриялық диспансерге жатқызылған сарбаздың анасы ұлының жиын кезінде соққыға жығылғанын айтты
Фото: Жақындарының жеке архиві
Алматы облысында әскерге күштеп әкетіп, кейін психиатриялық диспансерден бір-ақ шыққан Арманжан Артықбайдың анасы ұлының Қонаевтағы жиын кезінде соққыға жығылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Редакцияға Арманжанның анасы хабарласып, ұлының соққыға жығылып, қазір Ұлттық Ұланның медициналық мекемесінде жатқанын айтты. Фатима Хаджымуратованың
айтуынша, Арықбай Арманжанды 12 күні күштеп әскерге алып кеткен. Арманжанды сарбаздардың Қоневта жинап жатқан кезде ұрды дейді анасы.14 күні кешке Таразға 5513 әскери бөліміне пойызбен кеткен. Ертеңгі күні таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз ес-түссіз құлаған. Оған эпилептикалық синдром деген диагноз қойылып, Алматыдағы Ұлттық ұланның медициналық мекемесіне ауыстырды.
Сарбаздың анасы ұлын соққыға жыққан Алишер есімді келісім шартпен жұмыс істейтін әскери қызметкердің жұмыстан кетуін талап етіп отыр.
Осыған байланысты Stan.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Бас прокуратураға ресми сұрау жіберді. Бас прокуратура Арықбай Арманжанды әскерде “Алишер” есімді әскери қызметкердің соққыға жыққаны туралы жолданымын қарап, ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 186-бабының негізінде есепке алу кітабына тіркелгенін мәлімдеді.
“Материалдар Қорғаныс министрлігі Қонаев гарнизонының әскери полиция бөліміне тексеру үшін жолдаған. Әскери полицияның мәліметіне сәйкес, Алишер есімді қызметкер азаматтық персоналға жататыны және Балқаш ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру ресурсын есепке алу және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі инспектор лауазымында жұмыс істейтіні анықталды”, – делінген ресми жауапта.
Редакция Алишер есімді қызметкерге қатысты нақты қандай процессуалдық шешім қабылданғанын анықтау үшін Алматы облысы Балқаш ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ресми сауал жолдады. Мемлекеттік мекеме материал жарияланған уақытта жауап бермеді.
Қазір қатардағы жауынгер Арманжан Арықбай тиісті медициналық мекемеде стационарлық ем қабылдап жатыр. Бас прокуратура оның жағдайын мамандар бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында зағип анасын бағып жүрген жігітті күштеп әскерге әкетіп, екі күн әскери комиссариатта ұстап, Тараз бөлімшесіне жібергені туралы жазған едік. Сорақысы, бірнеше аптадан кейін жігітті ата-анасының келісімінсіз, ешқандай түсініктемесіз психиатриялық диспансерге жатқызған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
