Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерде басынан жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, Астанаға оралды

Әскерде зардап шеккен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емін аяқтап, Астанаға оралды

Фото: Видеодан скрин

Әскерде белгісіз жағдайда басынан жарақатын алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға келді. Ербаянның басына ота жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазір жағдайы тұрақты. Дәрігерлер өткен емнің әсерін көру үшін кемінде 3 ай қажет екенін айтты. Осыдан кейін Ербаян қайтадан Ыстамбұлға барып, оңалтудан өтеді”, – деп жазды Ербаян Мұхтардың заңды өкілі, журналист Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол жарақат ауыр болғандықтан емнің нәтижесін бірден көру мүмкін емес екенін жеткізді. 

“Бірақ Ербаян өмір үшін күресіп жатыр, ал сіздердің қолдауларыңыз оған күш береді”, – делінген жазбада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Анасының айтуынша, сарбазға әскери бөлімде қысым көрсетілген. Кейін тіпті ата-анасының рұқсатынсыз дәрігерлер оған ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған. Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. Қазір Ербаян Түркиядан ем алып келді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 15:40
Талқылау