Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерде қаза тапқан сарбаз аналарының ереуілі: Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

Фото: Tass.ru

Тоқаев Астана әскерде қаза тапқап сарбаздардың аналарының митингінен кейін бас прокурорға тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды.

Қорғаныс министрлігі де Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өткізген митингке қатысты мәлімдеме жасады.

Қорғаныс министрлігі митингке қатысушылармен кездесу өткізілгенін мәлімдеді. Аналардың сұрақтарына министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Серік Бұрамбаев жауап берген.

"Біз әр оқиғаның артында адамның тағдыры мен өмірі тұрғанын түсінеміз. Әрбір сарбаздың қазасы – біз үшін үлкен қайғы. Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдар мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Біз моральдық-психологиялық ахуалды бақылауды күшейтіп, командирлерді оқытып, профилактиканың жаңа әдістерін енгізіп және әскери психологтар институтын нығайтып жатырмыз", – деді Бұрамбаев.

Сондай-ақ министрлік әскери қызметкерлердің ата-аналарымен ашық диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

"Кездесуде айтылған барлық өтініштер белгіленген тәртіпке сәйкес мұқият зерттеліп, қаралатын болады", – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шыққаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 21:33
Талқылау