"Күндік емі 1 миллион теңге": Таиландқа демалысқа барған қазақстандық азамат комаға түсті

Таиландқа демалысқа барған қазақстандықтың жағдайы кенеттен нашарлап, комаға түсті. 36 жастағы қостанайлық азаматты туыстары елге қайтаруға қиналып отыр. Себебі ол өкпе жасанды желдету және гемодиализ аппараттарына қосылған. Ал аурухана күтім үшін күніне 1 миллион теңге алып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алексей Вивтоненконың шетелде жүріп сноуборд, байк пен белсенді демалыста болған. Алайда соңғы күндері асқазан аурған. Кейін құсып жеке клиникаға жүгінген. Бірақ екі күннен соң жағдайы нашарлап кеткен. Соңында өткір панкреатит, сепсис және жасанды кома анықталды. Ер адам екі аптадан бері өкпе мен бүйректің қызметін алмастыратын аппараттарда жатыр.
Оқиғадан кейін Пхукетке Алексейдің ағасы Тихон Вивтоненко шұғыл ұшып барған.
“Дәрігерлер нақты болжам бермейді. Айтады, реанимацияда жағдай бірнеше минут ішінде өзгеруі мүмкін. Барлығы пациенттің ағзасының емге қалай жауап беруіне байланысты. Қазіргі кезде оның жағдайы ауыр деп бағаланады, бірақ дәрігерлер барынша көмектесіп, жақсартуға тырысып жатыр”, – деді ол.
Барлық емдеу шығындарын Алексейдің туыстары төлеп жатыр. Ал аурухана шоттары өте қомақты. Туристерге арналған стандартты медициналық сақтандыру мұндай күрделі жағдайға жарамайды.
“Ауруханадағы бір күннің өзі 1 миллион теңге. Бұл біздің отбасымызға өте ауыр қаржы жүктемесі. Стандартты сақтандыру емдеуді толық қамтыған жоқ. Тек алғашқы екі күн реанимацияны – шамамен 10 мың долларды ғана төледі. Қазір біз клиникаға 10 миллион теңгеден астам қарызбыз”, – деді Алексейдің туысы Юлия Заболотная.
Алексейдің туыстары Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің көмегіне сеніп, азаматты санавиациямен елге әкелуді сұрайды. Бірақ ведомство бұл өтінішті пациенттің қазіргі жағдайына байланысты қанағаттандырмай отыр.
“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туындаған жағдайдан хабардар. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, А. Вивтоненконың жағдайы өзгермеген. Пхукеттегі Қазақстан консулдығы көрсетілген азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп отыр. Жағдай министрліктің бақылауында”, – деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.
Дәрігерлер туыстарына пациент реанимацияда тағы шамамен екі апта болатынын айтты. Жағдайдың динамикасында оң және теріс көрсеткіштер бар. Алексейді қашан тасымалдауға рұқсат берілетіні белгісіз. Оның туыстары отандастардан қолдау күтуде.
Еске салсақ, бұған дейін Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұраған еді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады