Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Жүнісбековтің тоқал алғысы келіп жүргені рас па?

Асқар Жүнісбеков ұзақ уақыт бойы көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Мұнымен қатар, ол соңғы жаңалықтарын бөлісіп, ұлының ерекше есімінің құпиясын ашты. Бағдарлама барысында жүргізушілер әншімен әзілдесті. Жалған мақаланы сөз етіп, Жүнісбековтен тоқал туралы сұрады.

eQyZ2L6qU0I

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Бүгін жексенбі” бағдарламасында айтылды.

– Біраз уақыттан бері көрінбей жүрсіз. Не себепті?

– Шығармашылығымда тоқырау болды. Барынша шақырған жерден қалмауға тырысып жүрмін. Әр әншінің проблемасы – жақсы ән табу. Осы күнге дейін дұрыс ән кездеспей жүрген шығар. Жалпы бір әнді жазып, өзіме ұнап жатса, оны бірден жарыққа шығаруға тырысамын.

– Шамамен 3 жыл үзіліс болған сияқты?

– Иа. Бірақ осы уақыттың арасында шығып жүрген кездерім болды.

– Енді отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз. Бір ұлыңыз барын білеміз. Есімі – Елбақыт. Бұл ерекше есімді оған кім берді?

– Жалпы әнші болған соң, жан-жақта, той-томалақта жүреміз. Өстіп жүріп Атырауда бір сәбидің есімін Мұхтар Шаханов ағамыз “Елбақыт” деп қойып жатқанын байқап қалдым. Сол кезде іштей “Ұлым болса, есімін Елбақыт деп қоятын едім” деп армандадым. Аллаға шүкір, осы күнге де жеттім. Алдымен, аталарынан рұқсат сұрадым.

– Журналдардың бірінен “Асқар Жүнісбеков тоқал алғысы келетінін жасырмады” деген тақырыптағы мақаланы оқып қалдым. Бұл қашан берілген сұхбат еді? (Қалжың.)

– Мұны қай журналдан көріп жүрсіз? Менің есімде жоқ. Мұндайды айтқан жоқпын. Негізі адал жанмын деп қояйын. Бұл туралы мүлдем ойланбаппын… Үйге барған соң мені өлтіреді (Күлді.)

– Әнді қандай талаптарға сәйкес таңдайсыз?

– Әрине, жақсы сазгерлер мен ақындар көп. Ал айтуға келгенде ән табылмай жатады. Мұны ізденістің аздығымен ғана байланыстырамын. Құдай қаласа, осы жылдан бастап барлығын дұрыстап қолға аламын. Менің орындауымдағы әндер – қазақы, қоңыр туындылар. Бастысы, жүректен шығып, жүрекке жетуі керек. Жүрекпен айтпасаң, тыңдарманға да жеткізе алмайтын сияқтысың.

– Осы үзіліс міндетті түрде өзіңізге кері әсерін тигізеді. Әрине, Асқар Жүнісбековті барлығы таниды, әндеріңізді жатқа біледі. Десе де, осы үзілістің пайдалы тұстары бар шығар?

– Әр нәрсенің өзіндік уақыты болады. Дегенмен, әлі күнге дейін өзімнің тыңдармандарым бар. Аллаға шүкір, инстаграм желісі арқылы өздерінің тілектерін жеткізіп жатады. “Қашан да күтіп отырамыз” деп сағынып жүреді. Яғни ештеңеге ауыстырмайтын тыңдармандарым бар.

– Шоу бизнес қарқынды дамып келе жатыр. Танымайтын топтар өте көп. Осылай күнделікті шығып жатқан жас өнерпаздарға сіздің берер бағаңыз қандай?

– Әрине, бір шетінен қуантады. Көп болғандары дұрыс. Бірақ көпшілік жүрген жерде сапаның да болғаны жөн. Сапа жағы сәл ақсап тұр. Мұны мен айтпасам да белгілі. Десе де, шыға бергені дұрыс деп білемін.

– Республика Сарайында алдағы уақытта концерт қоятын ойыңыз бар ма?

– Жылда осы туралы ойланып, кірісемін. Бірақ кішкене жүрексінемін. Жалпы қазіргі сәтте соған дайындық жүргізіп жатырмын деп айтсам болады. Биыл Алла қаласа, оған жәрдемдесеміз деген ағалар да табылып жатыр. Алла сәтін салса, биылдан қалдырмауға тырысамын.

– Алдағы уақытта альбом ұсыну жоспарыңызда бар ма? Сізді сағынып қалдық.

– Осындай құттықтау тілектер адамды расымен қанаттандырады. Ары қарай жұмыс істеп, ізденіске талпындырады. Құдай қаласа, алдағы уақытта екінші ән жинағымды ұсынамын. Биыл “Хат жазып тұр” деген атпен шығармақпын.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева сүйіктісінің стильді суретін көрсетті (фото)

KeshYou тобында 4 қыз өнер көрсетуі мүмкін

Нумеролог Баян Есентаеваның сәбилі болуы мүмкін екенін айтты

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Танымал нумеролог Қайрат Нұртастың жеке өмірі туралы айтып берді

Талқылау