Асылхан Төлепов екінші ұлын өзінің лақап атымен атады
Асылхан Төлепов екінші ұлына қандай есім бергенін жариялады. Тұңғыш немеренің атын қойған ата-анасы бұл жолы кезекті Асылханның өзіне беріпті. Актер ұзақ ойлана келе атұстарына өзінің лақап атын беруді жөн көрген.
Бұл туралы Stan.kz Er-Batyr жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Жарымның жағдайы жақсы, Аллаға шүкір. Үйде.
Үйдегілер бірауыздан атын өзің қоя қой деді. Атым Асылхан болғанымен, кішкентайымнан туысқандарым, нағашыларым Ақан деп еркелететін. Ақан, Ақантай, Аханович, айта берсе көп.
Нағашы әжем әлі күнге дейін "Ақантайым, Ақаным" дейді. Маған осы ат қатты ұнайтын.
Ер жеткеннен кейін, үлкен жобаға түстік. Ол жобада режиссер Ақан (Сатаев) ағамыз болды. Өте керемет жан, иманды, тәрбиелі, өз мамандығының нағыз хас шебері. Соның бәрін ойлана келе ұлымның атын Ақан деп қойдым", – дейді Асылхан ағынан жарылып.
Кезінде "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы танылған Асылхан соңғы уақытта кинодан көрінбеуінің себебін түсіндірді.
"2015-2016-да киноға түспедім, шақыртулар да көп болмады. Неге екенін білмедім. Әрбір салада сондай тоқтау болады деп ойлаймын. Жақсы келе жатасың да, тоқтап қаласың. Сосын қайта "оборот" аласың. 15-16-да болған жоқ. 2017-де қайта басталды.
Ол құдаша болып келді: Асылхан Төлепов әйелімен қалай танысқанын айтып берді
Артур Төлепов екінші рет әке атанды
"Шыңырау" фильміне түстім. 2018-19 да жақсы болды. 2020 жыл маған ғана емес, бәріне әсер етті деп ойлаймын. Ал биылғы жылды өзім театрға арнадым.
Бір фильмге түстім. Бірақ шықпағанша атын да, кім ойнайтынын да атамаңдар деп еді. Бірақ режиссері Қанағат Мұстафин. Қажымұқан атамыз туралы фильм. Сол кісінің шәкіртінің рөлін сомдаймын. Одан кейін театрда қызу жұмыс басталды. Бірақ шақыртулар бар. Көп сериалдан шақырту келді, оған қызығушылығым жоқ.
Өте жақсы сценарий, жақсы режиссер болса барамын", – дейді Төлепов.
Айта кетейік, Асылхан Төлеповтің екінші баласы 3 тамыз күні дүниеге келді.