Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебеге ие қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр
Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебесі бар бола тұра мекемелерге кіруге тырысқан қазақстандықтарға әкімшілік айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тамақтану, тәрбие және білім беру нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова айтты.
"Заңнамада әкімшілік кодекстің тұлғаларды айыппұл түрінде жауапқа тарту туралы баптары - әкімшілік бапқа байланысты 5 немесе 25 айлық есептік көрсеткіш көзделген (14 585 - 72 925 теңге)", - деді Рахымжанова.
Ол қосымшаның пилоттық жұмысы кезінде ешқандай шаралар қолданылмайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта тек түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
"Әрбір вирус жұқтырған қазақстандыққа оқшаулау және үй карантині қажет екені туралы қолхат беріледі. Немесе адам ауруханаға жатқызылады", - деп еске салды Рахымжанова.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен