Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашулы әйел Флорида губернаторын кофеханадан қуып шықты (видео)

Кофе сатып алу үшін кофеханаға бас сұққан штат басшысы Рик Скотт көп ұзамай ытқып шығуға мәжбүр болды. Губернатордың жұмысына көңілі толмаған келуші әйелдердің бірі, штат басшысына дүрсе қоя берген.

HIALEAH, FL - MARCH 09:  Florida Governor Rick Scott attends a road expansion event at the Casa Maiz restaurant as he fields questions from reporters about climate change on March 9, 2015 in Hialeah, Florida. Recent reports indicate that the Florida governor allegedly issued orders for certain state agencies to not to use the term "climate change" or "global warming" in any official communications, emails, or reports.  (Photo by Joe Raedle/Getty Images)

Сурет m.forbes.ru

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Флорида губернаторы Гейнсвилл қаласындағы Starbucks-ке келіп ыңғайсыз жағдайға тап болды. Штаттың әлеуметтік саясатына көңілі толмайтын әйел, басшыға қарсы дауыс көтеріп ұрса бастаған. Тұрғын медициналық көмек бағдарламасына қатысты кететін шығындар туралы және бастықтың жұмысшыларының қамын ойламайтынын айтып қарсы шыққан.

“Бізде жұмыс орындары миллиондап саналады” деп қарсы шыққан губернаторға деген әйелдің ашуы одан сайын өршіген.

“Миллион жұмыс орны? Тамаша екен! Ал мұнда кім жақсы жұмыс істеп жүр? Сіз әйелдерді денсаулық сақтау саласынан алып тастадыңыз. Бұл сіз үшін ұят, Рик Скотт!” – деп айқайлаған әйел. Ақыры тұрғын оны ұрсып жүріп, кофеханадан шығарып жіберген.

Бейнежазбаға пікір жазушылар әдеттегідей екіге жарылған: Бірі әйелдің айтқаны жөн десе, енді бірі құр әшейін айқайшыл адам деп жазған.

Талқылау