"Оны не істейсіз": Экономика министрі қосылған құн салығын көтеру туралы бастаманың авторын атаудан бас тартты
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығын көтеру жайлы бастаманың авторын атаудан бас тартып, мәселені жабуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сенат отырысының брифингінде журналистер аталған салықты көтеру жайлы бастаманы кім ұсынғанын сұраған еді. Алайда министр "Оны не істейсіз?" деп қарсы сауал қойды.
"Бұл – үкіметтің бастамасы. 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеме оқып, бәрін анық айттым. Алайда 20% көтеру жайлы айтылмады. Сондықтан осы әңгімені қою керек. Бизнес өкілдері, сарапшылар, өзр арамызда пікір алмасу болады. Содан кейін үкімет өз шешімін қабылдап, парламентке кіреді", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, қосылған құн салығына қатысты 6 жұмыс тобы аймақтағы бизнес өкілдерімен кездеседі. Ал салықтың қанша пайыз өсетіні кездесулер қорытындысы бойынша қабылданады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады