Аштықтың қартаюға қарсы пайдасы дәлелденді
Гарвард университетінің ғалымдары емдом немесе генетикалық амал көмегімен митохондриялар белсенділігін бақылау адамның өмір сүру ұзақтығын арттырып, «дұрыс» қартаюына әсер ететінін дәлелдеді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін арқау еткен мақала Cell Metabolism журналында жарық көрді. Бұл туралы EurekAlert! басылымы хабарлайды.
Митохондриялар тірі ағзалардың жасушасындағы органоидтар болып табылады. Олар оттегіні қалпына келтіруге, АТФ, яғни жасушадағы зат алмасуына қажетті молекуланың түзілуіне жауап береді. Митохондриялар үшін «шикізат» қызмет атқаратын – пируват. Ол организмге тамақпен бірге түсетін сутектер гликолизденгенде пайда болады. Сонымен қатар митохондриялар бойында жасушаны зақымдап, қартаюына әсер ететін оттегі радикалдары түзіледі.
Митохондриялар жасушалардың қуатты қажетсінуе қарай өзгеріп отыратын тізбектер құрады. Адамның жасы ұлғайған сайын, олардың қызметі нашарлай бастайды.
Caenorhabditis elegans құрттарына жүргізілген тәжірибе нәтижесі бойынша, тұтынылатын калория мөлшерінің азаюы митохондрия тізбектерінің жұмысын жақсартады. Дәл осындай нәтижеге ақуызбен жасалатын генетикалық амалдың көмегімен де жетуге болады. Организмді қуатпен қамтамасыз ететін органоидтар «ашыға» бастаған кезде құрттардың өмір сүру ұзақтығы да арта түскен.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағанды облысында тиісті екпе алмаған 3 бала туберкулезге шалдықты
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі
Ақтауда жүкті әйел өзінің қарынын тілгілеп тастады
Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды